388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-дағы кәсіпорын жылына 2 млн тонна кен байытуға қауқарлы

  • 462
  • UPD: 14:47, 11.12.2018
ШҚО-дағы кәсіпорын жылына 2 млн тонна кен байытуға қауқарлы

Шығыс Қазақстан облысындағы Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны өндірісті өлкенің дамуына қарқын қоспақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың пайымдауынша, кен орнында 280 тонна алтын бар. Биыл тамыз айында ол жерде бағалы тастан алғашқы концентрант өндірілді. Өнімнің бірінші легі экспортқа шығып та қойды. Айта кеткен жөн, бастапқыда ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кеткен Бақыршық кеніші осыдан 4 жыл бұрын ресейлік компанияның қарамағына өткен. Биыл ол жерде фабрика бой көтерді. Өндіріс орны өкілдерінің айтуынша, 1 тонна кеннен 7 грамнан асатын алтын алуға болады. Ең соңғы үлгідегі технологиялармен жабдықталған кәсіпорын жылына 2 миллион тонна кен байытуға қауқарлы. Кеніш бастапқы 10 жылда ашық әдіспен жұмыс істеп, содан кейін ғана шахталық әдіске көшпек. Қазір ол жерде мыңнан астам адам еңбек етіп жатыр.

Надир Галимов, кен байыту фабрикасының директоры:

- Фабриканы біз өте қысқа мерзімде іске қостық. Нәтижесінде жобада қарастырылған жұмыстар айтарлықтай жеңілдеді деуге болады. Бұл қазылған кенді тез өңдеуге де өз септігін тигізіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы