389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда 13 мың жұмыс орны ашылды

  • 837
  • UPD: 18:57, 11.12.2018

Биыл жалпы құны 1,2 триллион теңге болатын жүзден аса кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

13 мың жұмыс орны ашылды. Бүгін Елбасының қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпірде тағы 28 өндіріс орны іске қосылды. Президент жаңа кәсіпорындардың мүмкіндігімен танысып, тиісті міндет жүктеді.

Бүгін 5 бірдей байқаудың жүлдегерлері марапатталып отыр. Олардың бірі еңбек етіп ерлесе, енді бірі демеушілік көрсетіп ел-жұртқа қамқорлық жасаған жомарт жандар. Осындай тұлғаларға берілетін «Парыз-2018» сыяпаты экологияға қосқан үлесі үшін, әлеуметтік жауапкершілік аталымдары бойынша табысталды. Әрине жеңімпаздардың бәрінің есімін атап өту мүмкін емес. Мәселен, «Парыз» байқауының алтын жүлдесі Маңғыстау облысындағы компанияға бұйырды. Кәсіпорын 330 жұмыс орнын ашқан. Қызметкерлердің орташа жалақысы – 600 мың теңге. Бұған қоса, қайырымдылық мақсатқа жыл сайын 1,5 млн АҚШ долларын жұмсайды. Үздік ұжымдық шарт аталымы бойынша «Парыздың» тағы бір алтын жүлдегері қарамағындағы қызметкерлерді әлеуметтік қамтамсыз ету үшін жыл сайын 376 мың теңге бөледі. Ал Еңбек қорғау саласының үздік кәсіпорны аталымы бойынша Қостанай облысындағы кәсіпорын топ жарды. Мекеме қарамағындағы әрбір қызметкерді еңбек жарақаттарынан сақтандыру үшін 180 мың теңге жұмсайды екен.

Хабар 24 телеарнасы