384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда «Астана тарихы» кітабының ағылшын тіліндегі нұсқасы жарық көрді

  • 783
  • UPD: 13:09, 12.12.2018

Түркістанда «Астана тарихы» атты кітаптың ағылшын тіліндегі нұқасының тұсауы кесілді. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде өткен халықаралық  ғылыми конференцияда алғаш рет жаңа туынды көпшілікке таныстырылды.

Жинақ 3 мың дана таралыммен жарық көрген. Кітап авторы  тарих ғылымдарының докторы Зиябек Қабылдинов бұл еңбегін жазу үшін 4 жыл іздендегін айтады. Жаңа туындыда Қазақтың астанасының қалай пайда болғаны, оны Елбасының Алматыдан қалай көшіріп әкелгені көркем суреттелген. Сондай-ақ осы өңірде өмір сүрген Қажымұқан Мұңайтпасов, Жұмабек Тәшенев сияқты тұлғалар жайлы да кеңінен баяндалады. Сонымен қатар қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, қолөнері жан-жақты көрініс тапқан. Сондықтан Ұлы дала мен Елорданы әлемге танытуда ағылшын тіліндегі бұл еңбектің орны ерекше. Жиынға арнайы шақыртылған Мемлекеттік елтаңбаның авторы Жандарбек Мәлібекұлы латын қарпімен жазылған Мемлекеттік рәмізді университет ректорына салтанатты түрде табыстады.

Айта кетейік, «Астана, Президент, Тәуелсіздік» атты Халықаралық конференцияға қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері және Түркі тілдес мемлекеттердің профессорлары қатысты.

Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры:

- Ағылшын нұсқасы биыл шықты. Осы қасиетті Түркістанда, халықаралық университетте ең бірінші боп тұсауы кесіліп отыр. 20 елден келіп, осында оқып жатқан студенттер өздерінің еліне барғанда өзінің астанасын, президентін, тәуелсіздігін құрметтеген осынай кітап шықты деп айта баратын болады.

Жандарбек Мәлібекұлы, ҚР Мемлекеттік Елтаңба авторы:

- Елтаңбамыздың кирилл жазуынан латын алфавитіне өтуінің өзі менімше тарихи мәселе деп ойлаймын. Егер Тәуелсіздік алғаннан кейін өзіміздің рәміздерімізді, туымызды, елтаңбамыз болатын болса, енді біздің тіліміз де, әріпіміз де, хәріпіміз де ескіден келе жатқан өзінің орынын тауып, жаңа тәуелсіздігін алды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы