388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәжікстан азаматтарына елімізде 30 күн тіркеусіз жүруге рұқсат берілуі мүмкін

  • 879
  • UPD: 14:32, 12.12.2018

Қазақстан азаматтары Тәжікстанда, тәжікстандықтар қазақ елінде 30 күнге дейін тіркеусіз жүруі мүмкін.

Өткен наурызда қос ел арасында осындай келісім бекіген еді. Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы Мәжілістің жалпы отырысында мақұлданды. Құжатты таныстырған ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов соңғы үш жылда Қазақстанға Тәжікстанның 1 жарым миллион азаматы келгенін мәлімдеді. Олардың 182 мыңы елімізде тіркелсе, қалғандары Қазақ жерінде транзитпен, немесе заңсыз орналасқан. Осы кезеңде тәжікстандықтар елімізде 138 қылмыс жасаған. Көші-қон тәртібін бұзғаны үшін 10 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Сондай-ақ 2 мыңға жуығы елден шығарылды. Енді жаңа құжат арқылы қос елде тіркелмей жүріп тұру уақыты ұзартылуы ықтимал. Құжат қос азаматтық мәселесін реттеуге де сеп болмақ. 

Асылбек Смағұлов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Жыл сайын елімізге 460 мыңнан астам адам келетін болса, оның ішінде Тәжікстан азаматтары 2-орынды алып, 8,3  процентті құрап отыр. Айтыңызшы, аталған келісімді ратификациялаудың қандай тиімділігі бар? Біздің азаматтардың миграция саласындағы құқықтарын қорғау кепілдіктері қаншалықты күшейтіледі? 

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

- Сұрағыңызға рахмет! Қос азаматтық дейміз ғой. Оны қазір біз дәлелдемейміз. Біз оларға запрос жіберсек, олар бізге жауап бермейді. Неге десеңіз, бізде осындай келісім жоқ. Биыл 15 260  адам азаматтығы жоқ адамдарды таптық. Соның ішінде 555-ін жауапқа тарттық. 102 адамды елден шығардық. Қалғандары айыппұл төлеп кетіп қалған. Сонымен мына келісім арқылы қос азаматтық болмау мәселісін де реттейміз.

Хабар 24 телеарнасы