383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайдан еліміз арқылы Еуропаға 2 мың жүк пойызы аттанды

  • 363
  • UPD: 13:44, 12.12.2018
Қытайдан еліміз арқылы Еуропаға 2 мың жүк пойызы аттанды

Биыл 11 айда Қытай-Еуропа бағытына жөнелтілген 2 мың жүк пойызы Алашанькоу бақылау өткізу бекетінен өткен.

Жалпы Алашанькоу-Достық, Қорғас-Алтынкөл теміржол өткелі арқылы осы уақытқа дейін 13 миллион тоннаға жуық жүк жөнелтілді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл 37 пайызға артық. Демек, еліміздің транзиттік әлеуеті артып отыр. Бұл бағыт Қытайды кәрі құрлықтың 17 қаласымен жалғайды. Қытай-Еуропа пойызы 2011 жылы ашылды. Сол кезде аптасына бір рет қана қатынайтын. Ал қазір Алашанькоу бақылау бекеті арқылы тәулігіне 10 пойыз өтеді. Бұл Қытай-Еуропа тасымалының 60 пайыздан астамы Қазақстан жерімен тасымалданады деген сөз. Жергілікті кеден қызметкерлерінің айтуынша бұрын киім-кешек, электроника жөнелтілсе, қазір азық-түлік, тұрмыстық бұйымдар және автобөлшектер көптеп тасымалданады екен.

Хабар 24 телеарнасы