389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалады

  • 602
  • UPD: 22:18, 12.12.2018
Елімізде мүгедектердің дауыс беруіне жағдай жасалады

Елімізде 580 мыңнан астам мүгедек бар.

Енді сол мүмкіндігі шектеулі жандардың саяси науқан кездерінде сайлау учаскелеріне барып, дауыс беруіне жағдай жасалады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл туралы бүгін өткен Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Мүгедектердің учаскеде дауыс беруі үшін олардың тізімі жасалды. Сосын еліміздің түкпір-түкпіріндегі қоғамдық ұйымдармен байланыс күшейтілді. Бұған дейін олар өз үйлерінде дауыс беретін.

Ләззат Сүлейменова, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Қазір сайлау учаскелеріне барып, дауыс бергісі келетін мүгедектердің саны көбейіп жатыр. Учаскелерге келгеннен кейін ол кісілерге қажеттілігіне байланысты сол кісілерге ыңғайлы форматта сайлау материалдарын, бюллетеньдерді ұсыну бұл сайлау комиссиясының міндеті. Сондықтан да ОСК жүйелі түрде біраз жұмыстар жасады.

Хабар 24 телеарнасы