388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Нұр Отанның» көмегіне жүгінушілердің саны артып келеді

  • 469
  • UPD: 22:15, 12.12.2018

Былтыр партияға 93 мың өтініш түссе, биыл 11 айда 130 мыңнан астам адам мәселелерін шешіп беруді сұраған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың 40 процентінің арызы оңтайымен шешілді. Қалғандарына қажетті кеңес берілді. Партия Төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев әріптестерін ашық жұмыс істеуге шақырды. Ал туындаған мәселелерді дер кезінде біліп отыру үшін әлеуметтік желілерде мониторинг жүргізуді міндеттеді. Сондай-ақ бүгін «Нұр Отан» партиясының ең үздік қоғамдық қабылдауы республикалық байқауының қорытындысы шығарылды.

Мәулен Әшімбаев, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары:

- «Нұр Отанның» ең үздік қоғамдық қабылдауы байқауына барлық Қазақстаннан екі жүзден астам партия бөлімшелері қатысты. Нәтижесінде өңірлік құрылымдар арасында Алматы қалалық филиалы жеңімпаз атанды. Аймақтық қоғамдық қабылдаулардың арасында Түркістан облысы Мақтаарал аудандық филиалына тең келер ешкім болмады. Сонымен бірге бүгін «Үздік депутат», «Үздік қоғамдық қабылдау» және «Үздік мемлекеттік орган» аталымдарының жеңімпаздары жария етілді. Партиялықтардың таңдауы бойынша Инвестиция және даму министрлігі «Үздік мемлекеттік орган» атанды.

Хабар 24 телеарнасы