389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Менің арманым» жобасында финалға шыққандар өз жұмыстарын ауционға шығарады

  • 950
  • UPD: 16:05, 13.12.2018

«Менің арманым» стартап жобасының ақтық сынына жолдама алғандар өз жұмыстарын ауционға шығарады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оны сатып алуға қазірдің өзінде 20-ға тарта инвестор қызығушылық танытып отыр. Елордада «Менің арманым» стартап жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтіп жатыр. Оған еліміз бойынша 16 мен 35 жас аралығындағы 10 мыңға жуық адам қатысты. Олардың қатарында мектеп оқушыларынан бастап колледж, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен жас ғалымдар бар. Шараның соңғы кезеңінде ақтық сынға жолдама алған 70 қатысушы 34 жобаны қорғайды.

Еске сала кетейік, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік жасау мақсатында «Стартап болашақ» жобалар байқауы мен «Менің арманым» зияткерлік шоуы біріктіріліп өткізілді. Шара 15 желтоқсанға дейін жалғасады.

Арын Орсариев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:

- Бүгін міне, жылдың финалы. Осы екі-үш күннің ішінде қандай жұмыс атқарылғанын инвесторларға көрсетеміз.Инвесторларлар кейбір стартаптарға ақшаны құяды.

Рат Ерубай, байқауға қатысушы (Шымкент қаласы):

- Алмабақ биопрепараты - бұл алманың зиянкестерін жоюға арналған биопрепарат. Қазіргі кезде алыс-жақын, мәселен Қытайдан, Өзбекстаннан, келіп жатқан химиялық препараттарға қарағанда тиімділігі жоғары. Отандық өнім болғандықтан 4 есе арзан. Инвесторлардың қызығушылығы көп. Шымкент қаласының өзінен екі инвестор шыққан.

Хабар 24 телеарнасы