386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Казахстанская правда» газеті мерейтойын атап өту үшін дайындыққа кірісті

  • 547
  • UPD: 21:32, 13.12.2018

Еліміздің ақпарат айдынында өзіндік орнын ойып тұрып алған «Казахстанская правда» газетінің ашылғанына 2020 жылы ғасыр толады. Басылым ұжымы атаулы күнді ауқымды деңгейде атап өту үшін дайындыққа қазірден кірісіп кетті.

Күн сайын жаңарып жатқан заман ағымына байырғы басылым қалай ілесті. Қандай өзгерістер жасады?

Бүгінде 100 мыңнан аса тиражбен таралатын басылымның ең алғашқы шығарылымы 1920 жылы «Известия киргизского края» атауымен жарық көрді. Кейін «Степная правда» «Советская степь» деген атаулармен шықты. Ал дәл қазіргі «Казахстанская правда» атауы 1932-ші берілген. Сондан бері басылым қазақ даласындағы орыс тілді оқырманның үнпарағына айналды. Бүгінде еліміздегі мемлекет саясатын насихаттайтын беделді газеттердің бірі.

Сергей Нестеренко, «Казахстанская правда» газетіның бас редакторының орынбасары:

- Президенттің арнайы пулында жеті жыл жүріп, 50 ден астам мемлекетті араладым. Әуелде мәтінді орталық баспаға жедел жеткізу үшін қолмен жазып, факс арқылы жіберетінбіз. Әсіресе шет елге жүргенде факс телефонын іздеп шарқұрып кететін едік. Кейін модемдер пайда болып сол арқылы жібердік. Ұйқысыз талай түндеріміз өтті ғой.

Ғаламтор мен телеарналар қанша дамығанымен газеттің өз оқырманы бар. «Казахстанская правда» ұжымы осындай пікірде. Сол оқырмен көңілінен шығып, көкейіндегі сауалға жауап беру үшін тілшілер тыным таппайды.

Зарина Мәскеуқызы, «Казахстанская правда» газетінің шеф-редакторы:

- Бір ғасыр бойы еліміздің жылнамасын жазып келген басылым әрине заман талабына сай өзгерістер енгізіп отырады. Мысалы біз күнделікті ақпараттар ағымымен қатар пайымды аналитика, зерделі сұхбаттар беріп отырамыз. Әр облыста өзіміздің жекеменшік тілшілеріміз бар. Олардың әрқайсы өз өңіріндегі өзекті мәселелердің басын көтеріп, шешімін тауып, жолдарын тауып беріп отырады. 

Бүгінде «Казахстанская правда» газетінде «проекты и прожекты», «проблемная зона», «Окрайна» және шалғайдағы ауылдардың мәселесін көтеретін «Ауыл» деген айдарлар жұмыс істейді. Бұл дегеніңіз «Казахстанская правданың» уақыт өткен сайын кемелдене түскенін айғақтайды.

Авторлары: Талғатбек Әбдіқожа, Нургали Мамырбаев

Хабар 24 телеарнасы