387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай салтанатты қабылдау өтті

  • 510
  • UPD: 23:44, 13.12.2018

Мерекелік жиынға Ресей Үкіметінің мүшелері, Федералды Ассамблеяның депутаттары, дипломаттар, ғалымдар мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. 

Шараны еліміздің Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов алғы сөзімен ашты. Ол өз сөзінде Қазақстан егемендігін алған жылдан бастап тек әлеуметтік-экономикалық салада ғана емес, саяси тұрғыда үлкен жетістікке жеткендігін атап өтті. Өз кезегінде кеш қонақтары елімізді мерейлі меркемен құттықтап, ақ тілектерін жаудырды. 

Иманғали Тасмағамбетов, ҚР Ресейдегі Төтенше және Өкілетті елшісі:

- 27 жыл ішінде талай биік белестерді бағындыра алдық. Біріншіден, көршілес елдермен тығыз достық қарым-қатынас орнатып, мемлекет Тәуелсіздігін бекем ете түстік. Екіншіден, экономикалық, әлеуметті тұрғыда алға үлкен қадам жасадық. Егемендік алған жылдары елімізге 300 млрд доллар көлемінде инвестиция тартылды. 

Александр Панкин, РФ Сыртқы істер министрінің орынбасары:

- Нұрсұлтан Назарбаев басқарып отырған көршілес елдің жетістіктері бізді тек қуантып келеді. Әсіресе, Ресеймен арадағы сенімді серіктестікке көңіліміз толады. Бүгінде Мәскеу мен Астананың қарым-қатынасы  өзге елдерге үлгі бола алады.

Хабар 24 телеарнасы