384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сеулде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мерекелік қабылдау өтті

  • 468
  • UPD: 23:42, 13.12.2018
Сеулде Қазақстанның Тәуелсіздік күніне орай мерекелік қабылдау өтті

Корея Республикасында Қазақстан тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай арнайы мерекелік қабылдау ұйымдастырылды.

Жиынға дипломаттар және Сеулдегі қазақ диаспорасының өкілдері қатысты. Салтанатты шарада екі ел қарым-қатынасының бүгіні мен келешегі сөз болды. Биыл Қазақстан мен Кореяның өзара сауда-саттығы рекордтық көрсеткішке жетті. Әрине екі жақты ынтымақтастық экономикада ғана емес, бар салада дамып келеді. Мысалы, мәдениет саласында. Биыл Сеулде алғаш рет қазақстандық суретшілердің көрмесі өтті. Кореяның ұлттық мұражайында Алтын адам таныстырылды.

Ким Пан Сок, Корея Республикасы қызметкерлерді басқару министрі:

- Қазақстан болашақты экономикалық орталық болуға талпынып жатыр. Бұл орайда Корея мемлекеті сіздің елдің сенімді серіктесі болуға дайын. Қазақ елін Тәуелсіздік күнімен құттықтағым келеді. Екі ел арасындағы достық қарым-қатынасқа сызат түспесін.

Бақыт Дүйсенбаев, ҚР Кореядағы Төтенше және Өкілетті елшісі:

- 12 айдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауарайналымды 3 миллиард долларға жеткізуді көздеп отырмыз. Келер жылға дайындықты бастап кеттік. Себебі 2019-шы жылы Корея Республикасының Президенті Мун Чже Ин Қазақстанға ресми сапармен келмек.

Хабар 24 телеарнасы