387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстандық жазушы елімізді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

  • 592
  • UPD: 23:49, 13.12.2018
Өзбекстандық жазушы елімізді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

Қуанышты бөліссең көбейеді. Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай Өзбекстандық жазушы Янгибай Кучкаров арнау жазыпты.

Ақын «Алтын аймақ пен ұлы дала» атты өлеңінде бауырлас қос елдің бірлігі мен ынтымағын жырлаған. Сан ғасырлар бойы бабалар армандаған азаттықтықтың ақ таңын сөз маржанымен тізбектепті. Тәуелсіздік  ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан әдебиет пен мәдениетті қайта жаңғыртты. Екі ел арасындағы әдеби һәм мәдени байланыстың жаңа дәуірі басталды дейді қаламгер. Өзбекстандық жазушы бұған дейін қазақтың қырық ақынының 40 үздік өлеңдер жинағын өзбек тіліне аударған. Қазір Әбдіжәміл Нүрпейісовтың «Соңғы парыз» романын тәржімалап жатыр.    

Янгабай Кучкаров, Өзбекстан жазушылар одағының мүшесі:

- Міне бірі Амур  мен Сырды кешіп,

Алтайды  ат тұяғымен дүбірлеткен.

Енесейдің суын ішіп, Байкөлдің жүзін көрген.

Екіншісі Алатауда шақпақ таспен от жаққан,

Ұлы дастан, кең отаудан бүтін дүниеге қараған.

16 желтоқсан қазақ халқының ең үлкен мейрамы. Бұл Өзбек халқы, Қырғыз үшін де қуанышты күн. Біз «Кемедегінің жаны бір» дегендей мың жылдардан бері Орталық Азия, Тұран аймағында иық тіресіп, бір-біріміздің қолымызды ұстап, бірімізді біріміз қолдап жаңа өмір құрып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы