385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздік жылдарында елімізде 1,1 млн пәтер салынған

  • 403
  • UPD: 15:19, 14.12.2018
Тәуелсіздік жылдарында елімізде 1,1 млн пәтер салынған

Бүгіннен бастап еліміздің түкпір-түкпірінде Тәуелсіздік мерекесі тойлана бастайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнамыздың тілшілері 27 жылдағы мемлекетіміздің жетістіктерін саралауды бастады. Мәселен, қазақстандықтардың табысы тоқсаныншы жылдармен салыстырғанда 9-10 есе артты. Бұл – 27 жылда ел экономикасындағы басты жетістіктердің бірі. Экономика ғылымдарының кандидаты Сапарбай Жобаевтың айтуынша, тұрмыстың түзелуін ең алдымен еліміздің түкпір-түкпірінде салынған тұрғын үйлерден байқауға болады. Сондай-ақ сарапшы құрылысы жүріп жатқан баспаналардың саны егемендікті енді ғана алған тұстағы көрсеткіштен 3 есе көп екенін айтты. Жалпы 1991 жылдан бері елімізде 1,1 миллион пәтер салынған. Бұл жылына 40 мың баспана пайдалануға берілді деген сөз. Енді алдағы уақытта бұл көрсеткішті жақсартып, жылына 100 мың пәтердің кілтін табыстау жоспарланып отыр. 

Сапарбай Жобаев, экономика ғылымдарының кандидаты:

- Қазақстанның кеңес дәуірі кезіндегі үлкен жетістігі 3-4 миллион шаршы метрді 1 жылда құрған екен. Соны мақтанышпен айтушы едік. Ал бүгін Қазақстанның үй-жай құрылысын 8-9, жақын арада 12 миллион шаршы метрге дейін жеткізбекшіміз. Яғни Қазақстан 90 жылдардағыдан 2-3 есе көп мүмкіндікке ие болды. Бұл егемендігіміздің шарапаты деп айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы