386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Самара-Шымкент тасжолында жүк көліктеріне шектеу қойылды

  • 307
  • UPD: 12:13, 14.12.2018
Самара-Шымкент тасжолында жүк көліктеріне шектеу қойылды ИНФОРМБИРЖА news

Батыс Қазақстан облысында құбылмалы ауа райына байланысты барлық бағыттағы жолдарды уақытша жабу шаралары қолданылуда.

«Қазавтодор» жол пайдалану кәсіпорнының өңірдегі филиалынан хабарлағандай, таңертеңгі сағат 9:00-ден бастап Самара-Шымкент бағытындағы республикалық маңызға ие трассаның 394-526 шақырымында жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылды. Бұған өңірде боран мен бұрқасын тұруы және Ақтөбе облысы бағытында жолдың жабылуы себеп болған.

Айта кету керек, бұған дейін аймақта көктайғаққа байланысты көлік қозғалысы шектелген еді.

Дайындаған: Талғат Серікқалиұлы

Хабар 24 телеарнасы