380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақорда, Атазаң, Мәңгілік. Тәуелсіздік жылдарында қойылған ерекше есімдер

  • 1013
  • UPD: 15:09, 14.12.2018
Ақорда, Атазаң, Мәңгілік. Тәуелсіздік жылдарында қойылған ерекше есімдер ult.kz

Қазақстан Республикасының барлық облыстары ішінде аудандардың ең көп саны Ақмола және Алматы облыстарында – 17.

Қалалық елді мекендердің ең көп саны Қарағанды облысында – 11.

Ауылдық елді мекендердің ең көп саны Түркістан облысында – 835.

Статистикалық тіркелімі. 16.12.1991 жылы туғандар:

Барлығы 959 адам, соның ішінде:

ұл бала – 491

қыз бала – 468

Тәуелсіздік жылдарында Нурсултан, Нұрсұлтан, Нұрсултан, Нурсұлтан есімдерімен аталғандар саны – 37276, соның ішінде 16.12.1991ж. туғандар – 14 адам.

Тәуілсіздік есімен 1 бала Алматы облысында 2011 жылы 1 желтоқсанда туған.

Сонымен қатар ҚР маңызды оқиғалар өткізілген уақытта балаларға қойылған есімдер:

Азиада – 57 әйел есімі;

Саммит, Саммита (Самит, Самита) – 70 ер және 17 әйел есімі; 

Нұрлыжол – 16 ер есім;

Нұротан – 10 ер есім;

Байтерек – 28 ер есім;

Мәңгілік – 2 ер есім және 2 әйел есім;

Теңге – 10 әйел есім;

Ақорда – 3 ер есім.

Атазаң – 1 ер, 30.08.2009ж. туған.

2017 жылы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрме өткізілген уақытта ер есімі Байдібэкспо пайда болды. 

Тәуелсіз жылдарында 17 адам Астана есімімен аталған, оның ішінде 7 ер және 3 әйел есімі.

Хабар 24 телеарнасы