381,10 419,30 5,69

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мерекеге орай әлеуметтік маңызды нысандар қолданысқа берілді

  • 812
  • UPD: 15:47, 14.12.2018

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданында Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында бірнеше әлеуметтік нысан ел игілігіне берілді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

«Сапа» медициналық орталығы халыққа мінсіз қызмет көрсетсе, жас кәсіпкерлердің жобалары да сәтті жүзеге асуда. Zhas project жобасы аясында ауданда 15 бастама мақұлданып, 1 миллион теңгеден грант берілген.

Жаңадан ашылған медициналық орталыққа ардагер дәрігер Бітімхан Қошпановтың аты берілген. Тәжірибелі маман жарты ғасырға жуық ғұмырын емдеу ісіне арнап, әлі де халыққа қызмет етіп жүр. Жеке кәсіпкердің қаражатына тұрғызылған ғимаратта негізінен зейнетке шыққан ақхалатты абзал жандар еңбек етеді.

Болат Нұрасылов, кәсіпкер:

- Осы мамандардың үлкен тәжірибесін пайдаланып, ары қарай халыққа қызмет етсек деген оймен істеліп отырған шаруа. Тәуелсіздіктің арқасында жетістіктерге жете берейік! Халыққа, елімізге тыныштық, Елбасымызға амандық тілейік!

Әзірге орталықта 30 адам жұмыс істейді. Заманауи құрал-жабдықтар сатып алынып жатыр. Мұнда дәстүрлі ем-дом шараларынан өзге болашақта халықтық медицинаны да дамыту көзделген.

Зумрад Дүйсенбаева, Зайсан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы:

- Елбасымыз жолдауында 2019 жылды Жастар жылы деп жариялап отыр. Осыған байланысты биыл Zhas project деген 29 жасқа дейінгі жастарға арналған 1 миллион теңге грант беріп отырып, 48 жоба дайындадық, соның ішінде біздің облыста 15 жоба Зайсан ауданы бойынша таңдалып алынды. Біздің 19 ауданның ішінде 2-орындамыз.

Жас кәсіпкерлердің қолға алып, іске асырған жобаларының бірі – «Дәрмен» тігін шеберханасы. Мұнда мүмкіндігі шектеулі 6 адам еңбек етіп, өнім шығаруда. Сол сияқты құс фермасын, аяқ киім тігу цехын ашқан жастардың да кәсібі өрге домалап келеді.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы