388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Сенат депутаттарын мемлекеттік наградалармен марапаттады

  • 570
  • UPD: 16:32, 02.04.2019

Тәуелсіздік күні қарсаңында Сенат депутататтары бірқатар наградаларға ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елбасының жарлығымен Әли Бектаев пен Бақтыбай Шелпекбаев «Парасат» орденімен, ал Владимир Волков пен Еділ Мамытбеков «Құрмет» орденімен марапатталды. ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Достастық» ордені Жеңіс Нұрғалиевке, Рашид Түсіпбековке және ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Өмірбек Озғанбаевқа табысталды. Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Ерік Сұлтанов парламентаралық ынтымақтастықты дамытқаны үшін марапатталды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Парламент депутаттары бар күш-жігерімізді сала отырып, Елбасы айқындаған аса маңызды міндеттерді жүзеге асыруымыз қажет. Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген жетістіктерді одан әрі нығайту үшін халқымыздың көкейіндегі өзекті мәселелерге назар аударуымыз керек. Шын мәнінде, біз алдымызға биік міндеттер қоя білетін, ортақ мақсаты үшін ұйыса алатын ел екенімізді бүкіл әлемге таныттық. Тәулсіздігіміз тұғырлы, еліміз мәңгі бола берсін!

Хабар 24 телеарнасы