386,80 431,60 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері марапатталды

  • 437
  • UPD: 18:42, 14.12.2018
Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері марапатталды parlam.kz

Мәжіліс депутаттары мен аппарат қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекеттік наградаларды Президент атынан палата төрағасы Нұрлан Нығматулин табыстады. Ерен еңбегімен көзге түскендерге «Парасат», II дәрежелі «Достық», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы берілді. Салтанатты шара кезінде Нұрлан Нығматулин «27 жыл бұрын ғана тәуелсіздігін жариялаған жас мемлекетіміз Елбасының сындарлы саясаты арқылы қиын кезеңдерден аман-есен өтіп, бүгінде әлемдегі беделді елдердің біріне айналды», - деді.

Хабар 24 телеарнасы