386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ішкі істер саласының қызметкерлері марапатталды

  • 536
  • UPD: 20:01, 14.12.2018

Бүгін Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов та саланың үздіктерін марапаттады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысының жарлығымен II және III дәрежелі «Айбын» орденімен және «Ерлігі үшін» медалімен ішкі істер органдары мен Ұлттық ұланның 38 қызметкері наградталды. Бұдан бөлек, әскери және қызметтік борышын мүлтіксіз орындағаны үшін министрдің бұйрығымен Ұлттық ұланның тағы 755 сарбазы марапатқа лайық деп танылды. Салтанатты шараның соңы мерекелік концертке ұласты.

Данияр Аймағанбет, Ақтөбе облыстық ПД жол патрульдік полициясының қызметкері:

- «102» пультіне хабарлама келіп түсті. Ақтөбе қаласында белгісіз бір адамның пышақпен қоғамдық ортаға қауіп төндіруде деген және көлік апаты жасағаны жайлы. Сол азаматпен бетпе-бет кездесіп пышағын самбо әрекеттерін қолданып шара қабылдадым.0159 Осы ерлігімді ескере отырып  үшінші дәрежелі айбын орденімен марапатталдым.

Хабар 24 телеарнасы