383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елбасының қызметтік көлігі музейге қойылды

  • 461
  • UPD: 20:34, 14.12.2018

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Теміртау қаласындағы Тұңғыш Президенттің тарихи-мәдени орталығы тағы 17 жаңа жәдігермен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында Елбасының қызметтік көлігі де бар. Оқ өтпейтін темір тұлпардың таза салмағы 5 тоннаға жуық. Орталыққа сондай-ақ Қытай Халық Республикасы төрағасының, Ресей Президенті Владимир Путиннің және басқа да әлем елдері саясаткерлерінің Нұрсұлтан Әбішұлына табыстаған кәдесыйлары қойылды. Александр Винокуров сыйлаған велосипед те осында. Бұған қоса, Президенттің жеке заттары да мұражай төрінен орын алды. Соның бірі – жаттығу кезінде киген теннис киімі. Дегенмен, орталыққа келген жастардың қызығушылығын оятқан ерекше экспонат Елбасының қызметтік көлігі болып отыр.

Қуаныш Қыныбек, музей қызметкері:

- Мұндай жәдігер көтеріп, кіргізе салатын шағын дүние болмағандықтан да, жеке мердігелерді жалдап, осы ғимараттың есігін бұзып, уақытша шешіп, күшпен кіргіздік. Бес тоннаға жуық мұның салмағы.

Хабар 24 телеарнасы