385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда Тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті

  • 710
  • UPD: 08:29, 15.12.2018

Алматыдағы Республика сарайында мерекелік салтанатты шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтарын айтулы мейраммен құттықтаған қала әкімі Бауыржан Байбек, Тәуелсіздік жылдарындағы қол жеткен жетістіктерді жіпке тізіп, республика экономикасының негізгі драйвері – оңтүстік мегаполистің даму көрсеткіштеріне тоқталды.

Атап айтқанда, Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Алматының Жалпы Ішкі Өнімдегі үлесі 10 пайыз ғана болса, бүгінде бұл көрсеткіш екі есеге артты. Қазір Алматы ел экономикасының бестен бір бөлігін құрайды. Салтанатты шарада білім, медицина, мәдениет пен өнерге елеулі үлес қосқан тұлғаларға мемлекеттік марапат тапсырылды.

Бауыржан Байбек, қала әкімі:

- Күні кеше қалалық мәслихат Алматының келесі жылғы бюджетін бекітті. «Алматы 2020» даму бағдарламасында көрсетілген әрбір адамға деген қамқорлық қағидасына сәйкес қала бюджеті толықтай қаралып, барынша әлеуметтік қажеттілігіне бағытталды. Атап айтқанда нақты бюджеттің 40 пайызы әлеуметтік саланы қаржыландыруға жұмсалмақ. Оның ішінде тұрғындардың әлсіз топтарына берілетін қаржылай көмек 16 пайызға, білім саласын қаржыландыру 21,7 пайызға артты.

Хабар 24 телеарнасы