389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында тығырыққа тірелген фермерлердің мәселесі шешілді

  • 589
  • UPD: 09:30, 15.12.2018

«Сыбаға» бағдарламасымен несие алған фермерлердің мәселесі ақыры шешілетін болды. Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры бағдарлама шарттарына өзгеріс енгізген.

Айталық, бұған дейін шаруалар 3 ай ішінде мал жеткізіп, құжаттарын тіркеуі қажет болса, енді мал табылмаған күнде қосымша уақыт беріледі. Кепілге тек асыл тұқымды түлік қана қойылады деген талап та алынып тасталды. Шаруаларға тауарлық малды алуға рұқсат берілді. Тағы бір жеңілдік, 90 күнде мал жеткізілмесе айыппұл төлемейді. Егер фермер ақшаны басқа мақсатқа жұмсаса жаза қолданылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін «Сыбаға» бағдарламасымен несие рәсімдеген қарағандылық фермерлер Ресейдегі қымбатшылық пен карантинге байланысты тығырыққа тіреліп, биліктен араша сұраған болатын.

Хабар 24 телеарнасы