388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда мамандандырылған ХҚКО ашылды

  • 1194
  • UPD: 10:01, 15.12.2018

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Атырау облыстық әкімдігі және облыстық полиция департаментімен бірлесіп, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығын ашты.

Қазақстандағы ең алғашқы осындай орталық 2012 жылы Қарағандыда ашылған болатын. Қазіргі таңда еліміз бойынша 16 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы мен осы бағытта жұмыс істейтін 5 сектор бар. Енді атыраулықтар да жүргізуші куәлігін алу және көлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді, теориялық және тәжірибелік емтихандарды арнайы жабдықталған автодромда, автоматты жүйе бойынша тапсыру мүмкіндігіне ие болды. Жұмыс толықтай цифрлық жүйеге негізделген. Жаңа орталықта әкімшілік полиция және медицина мамандары қызмет көрсетеді, сондай-ақ төлем қабылдайтын кассалар да бар.

Жұбайдолла Дәуешов, облыстық полиция департаменті ӘПБ тіркеу-емтихан бөлімінің басшысы:

- Қазіргі уақытта енді міне құжаттарды тапсырғаннан бастап 1,5 сағат уақытта дайын құжатты ала-аласыздар. Бұрын енді 5 қызметкер қабылдаса құжаттарды қазір 20  қызметкер қабылдап жатыр. жұмыс деңгейі жақсарады деген үміттеміз.

Тоқтамыс Жұмағұлов, ҚР МҚІжСЖҚІҚ агенттігі Атырау облыстық департаментінің басшысы:

- Өздеріңізге мәлім мемлекет басшысы өз Жолдауында қазақстанды цифрландыру мақсатында көптеген жұмыстарды атқаруға тапсырма берген болатын. Осыған байланысты бүгін Атырау облысында мамандандырылған ХҚКО ашылуда. Осының арқасында біз халықтың, қызмет алушылардың уақыт тиімділігін жақсартып, жиі  мерзімде және сапалы қызмет көрсетуге тиістіміз.

Хабар 24 телеарнасы