387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Голливуд актрисасы елімізді Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады

  • 442
  • UPD: 14:00, 15.12.2018

Голливуд жұлдызы, америкалық акртиса Бай Лин қазақстан халқын тәуелсіздік мерекесімен құттықтады.

Айтуынша, қазақ халқы өте қонақжай әрі бауырмал. Сондықтан елімізді екінші отанындай көреді. Танымал жұлдыз Қазақстанға осымен үш рет келіп бірнеше қаласын аралаған. Ал Елордаға екінші рет табан тірепті. Айтуынша, Астана аз уақыт ішінде жаңарып, бірегей сәулетімен таң қалдырған. Голливуд жұлдызы жақсы ұсыныс түссе жергілікті киногерлермен бірлесіп фильм түсіруге де дайын екенін жеткізді.

Бай Лин, Голливуд актрисасы: 

- Қазақстан халқына бар жақсылықты тілеймін. Тәуелсіздік мерекесін естен кетпестей атап өтіңіздер. Ауа райы салқын болса да бір-бірлеріңізге деген жылылықты жоғалтпаңыздар дегім келеді. Оның үстіне биыл Астана 20 жылдығын тойлап жатыр екен. Азғантай уақыт ішінде керемет қала бой көтерді. Ішінде әлемде теңдесі жоқ ғимараттар бар екенін көрдім. Қос қуаныштарыңыз құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы