386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды

  • 1009
  • UPD: 23:35, 15.12.2018
Көкшетауда 280 орындық балабақша ашылды

Көкшетауда Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңа балабақша ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

280 орындық нысан «Юбилейный» ықшамауданында бой көтерген. Құрылысына 800 млн теңгеден астам қаржы жұмсалған мектепке дейінгі мекемеде енді 72 адам жұмыс істейді. Олардың жартысынан астамы тәрбиешілер. Балабақшада қазақ және орыс тілдерінде тәлім беретін 12 топ болады.

Айта кетейік, соңғы жылдары облыс орталығында балабақша жетіспеушілігі біртіндеп шешімін тауып келеді. Қазір 3 пен 6 жас аралығындағы 3 мыңнан астам бүлдіршін кезекте тұр.

Бейбіт Жүсіпов, қалалық білім бөлімінің жетекшісі:

- Жалпы, қала бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшамен қамту 98,4 пайызға жетті. Енді алдымыздағы меже – 100 пайызға жеткізу. Осы бағытта жаңа балабақшалар құрылысы салынып жатыр. 2019 жылы Әуезов көшесінде дәл осындай 280 орындық балабақша ашу қолға алынып отыр.

Ақмарал Мұқанова, қала тұрғыны:

- Осы шағын ауданға осындай жақсы, жылы балабақша керек еді. Міне, енді ашылғанына өте қуаныштымыз. Менің немеремнің осы балабақшаға келгеніне қуаныштымын. Қаламызда осындай балабақшалар көбейе берсін. Өйткені балаларымыздың саны өсуде.

Хабар 24 телеарнасы