386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында 60-тан астам адам мемлекеттік наградамен марапатталды

  • 793
  • UPD: 23:35, 15.12.2018

Жамбыл облысында жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық маңызы бар 179 нысан қолданысқа берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы 10 айда жергілікті өндіріс орындарымен 319 миллиард теңгенің өнімі өндірілген. Ал мемлекеттік индустриалық инновациялық даму бағдарламасы қабылданғалы 58 инвестициялық жоба іске қосылып, 7 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бұл туралы Таразда өткен Тәуелсіздік мерекесіне арналған шара кезінде айтылды. Салтанатты жиында түрлі салада еңбек етіп, ісімен үлгі бола білген 60-тан астам азамат марапатталды. Өңір басшысы оларға еліміз бен аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін мемлекеттік наградаларды табыс етіп, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Рахат Әбілдаев, Мойынқұм ауданының құрметті азаматы:

- Осындай жақсы нәтижеге жетіп жатқанымыз еңбектің арқасы. Егемендіктің арқасында жеткен дүние. Егемендігіміз әрі қарай да берекелі, мерекелі болсын. Осы көрсетіліп жатқан сый-құрметтен жастар үлгі алып, әрі қарай осы ісімізді жастар жалғастырады деп ойлаймын. Мереке құтты болсын!

Хабар 24 телеарнасы