387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада автошеру ұйымдастырылды

  • 563
  • UPD: 23:32, 15.12.2018

Бүгін елордада Тәуелсіздік күніне арналған автошеру ұйымдастырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Егемендіктің 27 жылдығына орай 27 көлік көк туымызды желбіретіп, шаһар көшелерімен жүріп өтті. Шараға «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр аудандық филиалы ұйытқы болған. Жалпы, жастардың бойына патриоттық рух ұялататын шеру Астанада алғаш рет өтіп отыр.

Мұхамеджан Болысбек, «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр АФ төрағасының бірінші орынбасары:

- Жаңа патриотизмді қалыптастыру мақсатында және ұлық мерекемізді ұлықтау мақсатында жасап отырмыз. Шарамыздағы тағы бір айта кетерлік жайт, 27 санын бейнелейтін болады. Соны барлық ұйымдарға, өкілдерімізге жіберетін боламыз.

Хабар 24 телеарнасы