387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жылында қандай жетістіктерге жетті?

  • 1771
  • UPD: 11:06, 16.12.2018

Ел болып, ірге бекіткелі 27 жыл. Жиырма жеті жыл бойы қазақ даласы һәм баласы тәуелсіз мемлекет ретінде азаттықпен тыныстап келеді.

Осы тұста Жұбан ақыннан ешкім артық айта алмайды. Қандай дүние жетеді балауыңа! Бәрі сенің жан Отан, қалауыңа! Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып, Қазақстан гербі де, жалауы да...

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары. Одақтың күл-талқаны шықты, салааралық тұрмақ, өңіраралық байланыстар бір сәтте үзілді. Төске өрлеген гиперинфляция өндіріс атаулыны тұралатып қойды. Үйлерде жарық, жылу болмады.  Халыққа жалақы уақытылы төленбеді. Бұқараның әлеуметтік жағдайы күрт құлдырап кетті. Егемен ел, дербес мемлекет атандық. Көңілді жұбатқан жалғыз ғана ой осы еді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Развалился Советский союз. Вся экономика держалась на государственной социалистической собственности, все заводы, фабрики, квартиры людей, детские сады, школы, магазины все принадлежала государству. Что это означает, все они работали неэффективно, государство дотировала. Когда разрушился союз страны не стало, дотировать стало н кому. Я помню 2 млн человек стали безработными одномоментно. Вот в таком плачевном состояний мы оказались.

Арада 27 жыл өтті. Елдің қаншалықты дамығаны осы кадрдан-ақ, көрініп тұр. Тұралап қалған өндіріс жанданып, елімізде бұрың-соңды болмаған кәсіпорындар бой көтерді. Менмін деген алпауыт компаниялардың өзі бізге сенім артып, қаржы құйды. Сандарға тоқталсақ, Тәуелсіздік жылдары елге 300 млрд доллардан аса инвестиция тартылды. Ең көп қаражат салған мемлекеттердің бестігінде Нидерланды көш бастап тұр. 80 млрд АҚШ долларын құйған. Бұл тізімді әрмен қарай АҚШ, Швейцария, Қытай мен Франция жалғайды.

Тимур Джаиков, ҚР Инвестициялар және дам министрлігі комитет төрағасының орынбасары:

- Көптеген көшбасшы мемлекеттерден бізге инвесторлар келеді. Өйткені заңдық тұрғыда олардың жұмыс жасауына қолайлы инвестициялық ахуал қалыптасты. Біз Елбасының шетелге сапарлары аясында ірі халықаралық компаниялардың жетекшілерімен кездесу өткізіп тұрамыз. Ондағы мақсат - қалталы азаматтарды біздегі бизнес ахуалмен таныстыру. 

Иә, мұндай кездесулер өз жемісін беруде. Қазір цифрландыру саласына көптеп инвестиция тарту міндеті тұр. Ал тәуелсіздік жылдары елге құйылған инвестицияның тең жартысы тау-кен өнеркәсібіне бағытталды. Нақтырақ айтсақ, 6 млрд 700 млн доллар. Көлік тасымалына шамамен 400 млн доллар құйылды. Сондай-ақ соңғы жылдары сауда-саттық саласында да инвестиция көлемі артып келеді. Осылайша, Қазақстан Орталық Азияда шетелден қаржы тарту бойынша көш бастап тұр. Аймаққа құйылған қаражаттың 70%-ы бізге тиесілі.

Жұмабек Сарабеков, Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы:

- Экономикамызды дамыта алдық. мәселен соңғы 25 жыл ішінде Қазақстан экономикасының көлемі 20 есе ұлғайтқан. Қазақстан осы тәуелсіздік жылдары ішінде халықаралық қауымдастықтың белді, беделді мүшесіне айналды. Бүгінгі таңда Қазақстан халықаралық қатынастардағы маңызды субьект.

Тәуелсіздік жылдары қазақстандықтардың табысы 10 есеге дейін артты. Құрылыс қарқынды жүріп, Сарыарқа төсінде  егемен елдің Астанасы бой көтерді. Бірақ басты жетістік – демографиялық өсім. 27 жылда халық саны 2 миллионға артты.

Авторлары: Назерке Әбдірахманқызы, Ғани Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы