380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинада бір ай емделген отандасымыз Лиана Байымбетова елге оралды

  • 699
  • UPD: 10:37, 16.12.2018

Украинада бір ай емделген отандасымыз Лиана Байымбетова елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Науқас қызын анасы алып қайтқан. Қазір оның жағдайы қалыпты. Дегенмен, әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Лиана Байымбетованың Қазақстанға қайтуына ондағы елшілік қызметкерлері де жәрдемдесіпті. Отандасымыздың жүйке күйзелісіне шалдығып, Киевтегі Павлов атындағы ауруханада ем қабылдап жатқанын осыған дейін хабарлаған едік. Әуелі науқастың жақындары одан көз жазып қалған, кейін біздің арнаның түсіру тобы арқылы Байымбетовамен байланысуы мүмкін болды.

Роза Жұбаназарова, Лиана Байымбетованың анасы:

- Мен жақын арада ұшып келдім. Енді қайтып бара жатырмын аман-есен елге оралып, қызымды алып. Енді уайым-қайғысыз өмір сүрсек дейміз.

Александра Монетова, ерікті:

- 29 қазанда Лиананы даладан кезіктердім. Шетелдің азаматы екенін және денсаулығында ақауы бар екенін байқадым. Әлеуметтік желі арқылы туыстарын талай іздеп таппадым. Өзім сияқты ерікті адамдармен ақылдаса отырып, біз Лиананы емханаға жатуын өтіндік. Бір ай бойы ем алып, бүгін міне, анасы алып кетуге келіпті. Жағдайдың осындай шешім тапқанына қуанып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы