389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мереке күндері еліміздің басым аумағында күн суытады

  • 710
  • UPD: 10:30, 16.12.2018
Мереке күндері еліміздің басым аумағында күн суытады Baq.kz

Синоптиктер 15-19 желтоқсан аралығында қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады деп болжауда.

Мереке күндері Қазақстан аумағында күн суытады. Елімізде қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

«Республиканың батыс облыстарында қар жаууды тудырған циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив шығыс бағытқа қарай ығысады.

Осы циклонның Қазақстан аумағы арқылы жылжуына байланысты кей жерлерде қар, бұрқасын, екпінді жел күтіледі, ал көктайғақ және тұман республиканың басым облыстарында сақталады. Болжанып отырған кезеңнің соңында тропосфералық ағындардың батыстан солтүстікке ауысуы және антициклонның ығысуымен байланысты республиканың басым облыстарында күн суытады», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы