Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейден ұшақтар әлемнің барлық бағытына ұшады

  • 284
  • UPD: 15:02, 16.12.2018
Семейден ұшақтар әлемнің барлық бағытына ұшады tengrinews.kz

Семейден ұшақтар әлемнің барлық бағытына ұшады.

Мұндай мүмкіндік ұшу-қону жолағының қайта қалпына келтірілуіне байланысты пайда болып отыр. Жоба 2016 жылы басталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Семей әуежайы қолдануға берілген соң Омбы әуежайымен бәсекелес бола алады. Жақын арада қала тұрғындары Мәскеу, Санкт-Петербург, Түркияға және өзге де қалаларға ұша алады. Қала әкімі Даниял Ахметов әуежайды аралау кезінде жақын арада үлкен борттарды қабылдауға арналған технологиялардың алынатынын айта кетті.

«Бізде кіші борттарды қабылдау үшін барлығы да бар, енді бірнеше жаңа басқыш пен басқа құрылғыларды алу керек. Енді әуежайдың жолақтары мен жарықтандыру бөлігі жақсартылған. Барлығы жақсы, бірақ одан жақсы болғанын әрқашан қалап тұрамыз. Сол себепті ішкі интерьерді өзгерту керек. Компания өз жұмысын бастап та кетті, дизайнерлер шақырылды», - деді аймақ басшысы.

Хабар 24 телеарнасы