386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО баспана құрылысы жөнінен елімізде көш бастап тұр

  • 732
  • UPD: 17:31, 16.12.2018

Батыс Қазақстан облысы баспана құрылысының қарқыны жөнінен республика бойынша көш бастап тұр.

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Орал мен Ақсай қалаларында 26 көп қабатты және ауылдық жерлерде 104 үйдің  құрылысы басталды. Бірқатар нысандар келер жылы тапсырылады. Жалпы, дәл бүгінгі күнге дейін өңірде 400 мың шаршы метрдей тұрғын үй салынып, пайдалануға берілген.

Батыс Қазақстан облысында жүргізіліп жатқан тұрғын үй құрылысына 24 миллиард теңге қаржы жұмсалған. Соның ішінде 17 миллиард теңге «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ел қазынасынан бөлінді. Осы қаржыға Орал мен Ақсайда 6 көп қабатты үй салынады. Ауылдық жерлерде 76 баспана бой көтереді.

Тілепберген Қаюпов, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары: 

- Облымысыз бойынша тұрғын үйлер тапсырлуының қарқынды жүріп жатқанын атап өтеміз.  2017 жылы 392 мың шаршы метр тұрғын үй тапсырылса, 2018 жылдың қорытындысы бойынша 415 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын тапсыру жоспарымызда бар. Ол енді жылдан жылға өсе береді. 

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Жалпақтал ауылындағы 12 отбасы қоныс тойын тойлады. Екі қабатты үйді құрылысшылар небары 4 айда салып шыққан. Осы үйден пәтер бұйырған Айгүл Өтебалиеваның мамандығы құрылысшы. Соңғы 15 жылда колледжде еңбек етіп, болашақ сылақшы және әрлеуші мамандарды даярлауға үлесін қосып келеді. «Жаңа баспана барлық талаптарға сай салынған. Бұйырса, туған күнімді осы жаңа үйде атап өтпекпін,- дейді білікті маман.

Айгүл Өтебалиева,  Жалпақтал ауылының тұрғыны:

- Үй жақсы, ұнады, өте жылы, барлығымен қамтылған газбен де сумен де. Ванна, туалет бәрі, санузелдері бәрі лайықты. 

«7-20-25» бағдарламасы бойынша оралдықтарға 1 миллиард теңге шамасында несие берілген. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаға сәйкес апатты деп танылған 11 үйдің орнына 3 көпқабатты тұрғын үй бой көтерді. Тағы 5 үйдің құрылысы жалғасып жатыр.

Авторлары: Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы