384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысындағы ауылда жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді

  • 401
  • UPD: 19:46, 16.12.2018

Павлодар облысындағы Новочерноярка ауылы үшін де қос мереке. Айтулы күнде жаңа дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді. Екі мыңнан астам тұрғыны бар үлкен елді мекен үшін бұл көптен күткен қуаныш.

Мұнда бұрын емдеу мекемесіне лайық ғимарат болмаған. Жергілікті әкімдіктің бірінші қабатында орналасқан кабинетте жұмыс істеу медицина қызметкерлеріне де, халыққа да жайсыз болғаны рас. Дәрігерлік амбулаторияның құны 131 миллион теңге. Қаржы облыстық бюджеттен бөлінді. Заман талабына сай жабдықталған амбулаторияда бір дәрігер мен 5 орта медициналық қызметкер еңбек етеді. Қосымша екі жұмыс орны ашылды. Мекеме күніне 20 адамды қабылдайды.

Гүлназ Қайырбаева, бас дәрігер:

- Бізде ешқашан физиотерапиялық қондырғы болмаған. Қазір магнитті терапия  және сәулемен емдеу құрылғыларымен жабдықталды. Бөлмелері жарық, қарасаң көз тоятын әдемі ғимарат. Емдеу мекемесін халық ұзақ жылдар бойы күтті. Сондықтан ауыл тұрғындары үшін өте қуанышты күн бүгін. Тәуелсіздік мерекесі күнінде қолданысқа беріліп отыр.

Қорлығайын Ахметова, ауыл тұрғыны:

- 30 жылға жақын тұрамын, мынандай емделетін мекеме болған жоқ. Қалаға баратынбыз, арендаға алып медпункттер анда-мұнда жұмыс істейтін. Қазір міне жаңадан ашылып, рахмет, аралап көрдік, бәрі тамаша, көңілдегідей.

Хабар 24 телеарнасы