387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да мерекеге орай әлеуметтік нысандар қолданысқа берілді

  • 507
  • UPD: 20:54, 16.12.2018
ШҚО-да мерекеге орай әлеуметтік нысандар қолданысқа берілді

Шығыс Қазақстанда облысында  Тәуелсіздік күні мерекесіне орай  бірнеше әлеуметтік нысан қолданысқа  берілді. 

Атап айтқанда Семей қаласында медициналық және электротехникалық колледж студенттеріне арналған екі  бірдей жатақхана ашылды. Сонымен қатар жаңадан салынған көз микрохирургиясы орталығы ел игілігіне ұсынылды. Ең озық медициналық технологиямен жабдықталған мекеме офтольмология саласында күрделі операциялар жасауға  мүмкіндік  береді. Облыс көлемінде мейрам ерекше көңіл күймен аталып өтіп жатыр. Өскеменде орталық алаңда ән мен жырдан шашу шашылды. Тұрғындар мен қала қонақтары үшін концерттік бағларламалар мен қатар спорттық сайыстар да ұйымдастырылды. Шығыс қазақстандықтар тек бірлікпен татулық қана егемен еліміздің еңсесін биіктетіп, тұғырын нығайтады деп санайды.

Шынасыл Ахметқызы, қала тұрғыны:

- Қанша халық қазақтың кім  екенін біліп жатыр қазақтың татуылығын ,қазақтың қайырымдылығын,молшылық қазақтың мейірімділігін біліп жатыр,барлығы тұтасып туыс  боп  жатыр, осы жақын туыстықтан Құдайым айырмасын.

Хабар 24 телеарнасы