389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды

  • 691
  • UPD: 15:24, 17.12.2018

Солтүстік Қазақстан облысы Ноғайбай ауылында Тәуелсіздік күні фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Емдеу мекемесін «Туған жер» бағдарламасы асында жергілікті кәсіпкер Алтынбек Сапаров салып берді. Бұл – егемендікпен бірге есейіп келе жатқан елді мекендердің бірі.

Серік Кәрібаев Ноғайбай ауылында туып-өсті. Ол жерлестері секілді қалаға көшіп кеткен жоқ. Осында еңбек етіп, зейнетке шықты. Енді соның жемісін көріп отыр.

Серік Кәрібаев, Ноғайбай ауылының тұрғыны:

- Тәуелсіздік жылдары ауыл жақсы өзгеріп жатыр. Үй салынып жатыр. Ескерткіш, ән салатын сахна салып қойды. Міне, субұрқақ, асфальт. Барлығы жақсы. Інішектер ауылды түзетіп жатыр.

Ноғайбай – Қазақстан мен Ресей шекарасындағы ат төбелінбей ғана ауыл. Елді мекенде бір-ақ көше бар. 35 үй түтінін сөндірген емес. Керісінше, көшіп келетіндер көп.

Солардың бірі – Ғалымбек Нәби. Ол «Дипломмен ауылға» бағдарламасымен Көкшетаудан көшіп келген жас маман. Қазір жаңадан салынған демалыс орталығында жұмыс істейді.

Ғалымбек Нәби, демалыс орталығының меңгерушісі:

- «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» деп Елбасымыз айтқандай, мына ауылдың балаларының мәдениетін көтеру мақсатында осында келіп отырмын. Ауылдағы балалардың қалаға шығып, көркейіп, өздерінің өнерін ортаға салғанын қалаймын.

Алтынбек Сапаров тоқырау жылдары ауыл шаруашылығын қолға алды. Қазір ірі фермер. Ол кіндік қаны тамған туған жеріне жылда 60-70 млн теңгеден салады.

Алтынбек Сапаров, серіктесік директоры:

- Туған жерім, туған елім. Кіндік қан тамған жер. Осы ел маған өте ыстық. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бұл біздің міндетіміз. Өйткені олар да елге деп үлес қосып, жұмыстарын істеп жатыр. Ауыл шаруашылығының жұмысы оңай емес.

Ноғайбай ауылында жаңадан 14 тұрғын үй салынды. Мәселен, мына үйлер оңтүстіктен солтүстікке көшіп келетін отбасылар үшін арналған.

Тәуелсіздік күні ауылда фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды. Бұрынғысы ескі еді. Енді ел тұрғындары ем-домын осында ала алады. Оның құрысына кәсіпкер «Туған жер» бағдарламасымен 16 млн теңге бөліп берді.

Айжан Жанделдінова, фельдшер:

- Бұрынғы мед.пункт кішкентай еді. Мынау мед. пункт үлкен, жарық. Енді осында үлкен кісілер емдерін алады. Кішкентай балалар да алады.

Ауылда әр үйге су тартылған. Енді кәсіпкер тағы да үйлер салып, оларды орталықтандырылған жылуға жалғауды жоспарлап отыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы