386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда тәуелсіздікке арналған тарихи-құжаттамалық көрме ұйымдастырылды

  • 464
  • UPD: 15:19, 17.12.2018
Алматыда тәуелсіздікке арналған тарихи-құжаттамалық көрме ұйымдастырылды

Алматыдағы Қазақстан Республикасы Президенті архивінде Тәуелсіздік тақырыбына арналған тарихи-құжаттамалық көрме өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда республикамыздың тәуелсіз ел болып қалыптасу кезеңдерін қамтитын түрлі құжаттар мен фотоматериалдар қойылған. Солардың ішінде 1991 жылғы 16 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жариялау жөніндегі Конституциялық заңының көшірмесі де бар. Сонымен қатар сол кездегі АҚШ Президенті Джорд Буштың Қазақстан тәуелсіздігін мойындаған хатын көруге болады. Бұған қоса Елбасының 1992 жылғы 15 желтоқсанда Тәуелсіздік күніне орай өткен салтанатты шарасындағы баяндамасы да аса маңызды құжат саналады. Баяндамада Президент елдің болашақ даму стратегиясының басым бағыттарын атап өткен еді. Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған мемлекеттік маңызы бар құжаттар мен қаулылардың барлығы Президент архиві қорында сақтаулы тұр. 

Мұхаммед Тұрсынбекұлы, ҚР Президенті архивінің қызметкері:

- Осы Тәуелсіздік жылнамасының сақтаушысы ретінде ҚР Президентінің архиві де әлемнің алдыңғы қатарлы архивтерімен терезесі тең дамып келеді. Жуырда жарияланған Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бұл Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осы ұлттық  архив қорының сақталуына, оның ұлғайтылуына үнемі мән беріп жүретіндігінің белгісі деп айтсақ болады.

Хабар 24 телеарнасы