386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан жаһандағы күрмеуі қиын мәселелерді шешуге үлес қосып келеді - саясаттанушы

  • 371
  • UPD: 20:15, 17.12.2018

Қазақстан жаһандағы күрмеуі қиын мәселелерді шешуге салмақты үлес қосып келеді.

Неміс саясаттанушы Маттиас Дорнфельд осылай дейді. Тәуелсіздікке қол жеткізгелі бері Қазақстан ғаламдық саясат аренасында бейбіт бастамаларды көтеруші белсенді мемлекет ретінде танылды. Әу бастан бейбітшілік қағидасын берік ұстанған еліміз бітімгершілік миссиясын ойдағыдай атқарып келеді. Тұғырлы Тәуелсіздік күнімен құттықтай отыра, неміс саясаттанушысы Қазақстанның кез келген бастамасы жемісті жалғасын таба берсін деген тілегін білдіруде.

Маттиас Дорнфельдт, саясаттанушы (Германия):

- Тәуелсіздік мерекесі - Қазақстанның жетістіктерін атап өтетін тамаша дата. Сіздер салған жол дамудың бірден бір озық үлгісі саналады. Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін Қазақстан қарыштап дамып, экономикасы әлеуетті мемлекет ретінде аймақта көш бастады. Барша Қазақстан халқын Ұлттық мерекемен құттықтаймын. Жаңғырудың жолы әрі қарай жалғасын тауып, жуық арада экономикасы дамыған жетекші елдердің қатарына қосылуды тілеймін.

 

Хабар 24 телеарнасы