386,91 428,94 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да малды асылдандыруға баса мән беріліп келеді

  • 943
  • UPD: 01:01, 18.12.2018

Шығыс Қазақстан облысында мал басын асылдандыруға жіті мән беріліп келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана Зайсан ауданында шаруаларға биыл 340 миллион теңгенің жеңілдетілген несиесі беріліп, шетелден 600-ге жуық асыл тұқымды ірі қара жеткізілген. Қазір Ангус, Герефорд тұқымдас сиырлар ауданға әкелініп ойдағыдай жерсіндірілді. Болашақта экспорт әлеуетін арттыру да жоспарланып отыр.

Дәулетбек Мықияновтың шаруа қожалығы негізінен ірі қара, жылқы өсірумен шұғылданады. Малды асылдандырмай пайдаға кенелу мүмкін емес екенін түсінген шаруашылық жетекшісі мемлекеттен бөлінген жеңілдетілген несиеге Ресейден 100 бас Герефорд тұқымын әкеліпті. «Қазір малдың күйі жақсы», - дейді ол.

Дәулетбек Мықиянов, шаруа қожалығының жетекшісі:

- Өзімізге де көбейтіп, шаруашылықтарға да таратып сатып осыны, жақсы тұқым көрінеді, еті мол, етті бағыттағы мал. Осыны көбейту - мақсатымыз. Ризамыз, несиені берді, малды әкелдік, ары қарай бағып күтеміз. Енді өнім болады деп ойлаймын. Тек қана бір жағдай – жем-шөбін дұрыс беруіміз керек.

Шаруашылықта 700-ге тарта Зеңгі Баба тұқымы бар. 15 адам еңбекпен қамтылып отыр. Білікті басшы олардың әлеуметтік жағдайын үнемі назарда ұстайды. Ал аудан халқы үшін нарық құнынан төмен бағамен ет сататын арнайы дүкен де ашып қойған.

Темірбек Қасымжанов, Зайсан ауданының әкімі:

- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша және несиелік қаражаттар бойынша ауданымызға шетелден биылғы жылы 570 бас ірі қара мал осында өсіруге әкелініп отыр. Осының барлығы келешекте біз шекаралық аудан болғаннан кейін біздің жанымызда мына кеден құрылысы жүргеннен кейін, мына Қытай Халық Республикасына ет өнімдерін, ауылшаруашылығы өнімдерін өткізуге де әл ауқатымыз жеткілікті.

Ауданда ет комбинаты мен сүт өндіру цехы да жұмыс істеп тұр. Олардан шыққан сапалы өнімдермен жергілікті тұрғындар ғана емес, әлеуметтік нысандар да қамтылып отыр. Болашақта заманауи мал бордақылау кешендері мен «смарт фермалар» ашу да жоспарда бар.

Авторлары: Болат Көкенайұлы, Медет Өмірханов, Берік Жобалайұлы

Хабар 24 телеарнасы