387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында ет экспорты ұлғаяды

  • 777
  • UPD: 23:19, 18.12.2018
Қарағанды облысында ет экспорты ұлғаяды Today.kz

Қарағандылық фермерлер Қытайға қой етінің екінші партиясын жөнелткелі жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келісімшарт бойынша жыл соңына дейін 40 мың бас ұсақ мал көрші елге экспортталуы тиіс.

Естеріңізге сала кетейік, қараша айында Аспан асты еліне құны шамамен 20 миллион теңге болатын 20 тонна мұздатылған қой еті теміржол арқылы жіберілген болатын. Оны облыстың 200-ге жуық шаруа қожалығы қамтамасыз етті. Енді олар жыл соңына дейін тағы 2 мың тонна ет өткізуге дайын. «Далада еркін жайылған малдың етіне сұраныс жоғары», – дейді мамандар. Егер келешекте көршілес елдерден тапсырыс көптеп түссе, бұл өңірде қой шаруашылығын дамытуға серпін бермек.

Сағынжан Апақашев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Қой етін Қытай Халық Республикасына өткізу, экспорттау бұл біздің облысқа үлкен инвестиция әкеледі. Сонымен бірге пайдаланылмай жатқан жайылымдық алқаптарды пайдалануға, қосымша жұмыс орнын ашуға мүмкіндік жасайды. Бізде негізінен осы қой етін өткізу жөнінде үлкен проблема болған. Сол проблеманы шешуге қазір мүмкіндік болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы