Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тәуелсіздіктің төл құрдасы жас суретшілер орталығын құрған

  • 532
  • UPD: 00:14, 19.12.2018

Тәуелсіз елімізбен бірге оның құрдастары да биыл 27 жасқа толып отыр.

Кемел келешекке ұмтылған мемлекетімізде олар да алдарына биік мақсат қойып, жетістікке жетуде, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Солардың бірі – Кристина Бекмурзаева.

Кристина Бекмурзаева жастайынан сурет салуға құмар болып өседі. Ол «Графика» мамандығы бойынша білім алды. Колледждегі оқуын сәтті аяқтаған соң, Мемлекеттік жастар саясатын дамыту қорында алғашқы еңбек жолын бастады. Сол жерде жүріп оған жас суретшілер орталығын құру ойы келген.

Кристина Бекмурзаева, Жас суретшілер орталығын құрушы:

- Жастар мемлекеттің болашағы дейді ғой. Сондықтан біз де еліміздің өркендеп-өсуіне барымызды салуымыз керек. Өткен тарихымыз бен мәдениетіміз біздің байлығымыз. Құндылықтарымызды бағалай отырып  ертеңгі күнге сеніммен қараймыз.

Кристина үнемі ізденес үстінде. Шығармашылығын шыңдау үшін Германияда оқып келген. Сурет салуға қабілетті қыздың өнерге жаны құштар. Анимация өнерін меңгеріп, менеджмент саласына да ден қойды. Сөйтіп өзі сияқты жастардың басын біріктіріп, суретшілер орталығы мен сурет галереясын ашты. 

Константин Угай, дизайнер:

- Оның ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Үнемі барлығын бақылауда ұстайды. Өте еңбеккор адам.

Кристина жетекшілік ететін орталық Алматыда бірнеше рет сурет көрмесін өткізді. Жас суретшілер өз туындыларымен қаланың сәулеттік келбетін ажарландыруға үлес қосып келеді.

Авторлары: Алмас Садуақас, Анастасия Вылегжанина, Канат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы