383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге Сирия мен Ирактағы әскери ұрыс аймақтарынан 91 бала жеткізілді

  • 588
  • UPD: 17:58, 19.12.2018

Соңғы жылдары елімізге Сирия мен Ирактан 39 жанұя әкелінді. Ішінде 91 бала бар. Оның 50-і мектеп жасында. Қалғаны әлі әріп те танымайды.

Соғыс аймақтарынан келген мұндай жеткіншіктер осы күні өздерінен кіші балалармен оқып жүр. Айталық 18 жастағылары, 15 жасар жасөспірімдермен бір сыныпта білім алып келеді. Себебі оқудан қалып қойған. Қантөгіс көріп келген мұндай балаларды біздің қоғамға бейімдеу үшін елде 9 орталық жұмыс істейді. Алдағы уақытта тағы ашылмақ. 

Ержан Ерсайынов, ҚР БҒМ балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары:

- Тағы 3 орталық ашайық деп отырмыз. Келесі жылдан бастап Алматы, Жамбыл облысында үшіншісін жылдың аяғында шешеміз. Мектеп жасындағы балалар Сирия мен Иракта туған немесе 1-2 жасында әке-шешелері сол жаққа әкеткен. Олар араб тілінде оқыған. Кейбірі мүлдем білім алмаған. Оларға қосалқы білім беру жүргізіліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы