386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейде іздеу жарияланған 24 қылмыскер биыл СҚО-да ұсталған

  • 438
  • UPD: 23:38, 19.12.2018

Биыл Солтүстік Қазақстан облысында Ресейде іздеуде жүрген 24 қылмыскер ұсталды.

Олардың арасында аса ауыр қылмыс жасағандар да бар. Сонымен қатар ауылдардың бірінде Омбыда ұрлық жасап, екі жылдан бері бой тасалап жүрген қарақшы қолға түсті. Өз кезегінде түмендік полицейлер көлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті. Бұл туралы үйлестіру тобының кезекті отырысында айтылды. Жиынға Солтүстік Қазақстан мен көрші Қорған, Түмен, Омбы облыстарының тәртіп сақшылары қатысты. Тараптар қылмыскерлерді іздестіру, көлік ұрлығы бойынша бірлесе әрекет ету бойынша пікір алмасып, 2019 жылға арналған маңызды құжаттарға қол қойды.

Алтынбек Тиыштыбаев, облыстық  ПД бөлім бастығы:

- Жедел криминалистік салалар бойынша да әріптестік орнатылған. Мәселен, биылғы жылы СҚО-дан РФ-ға 750 қолдың іздері жолданды. Оның ішінде қосып айтқанда тағы да 68 дактокарталар. Ал РФ-дан біздің облысқа тексеру үшін 600 қолдың іздері келді.

Хабар 24 телеарнасы