384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада ауған соғысы ардагерлерінің отырысы өтті

  • 1029
  • UPD: 15:54, 20.12.2018

Елбасы қазан айындағы жолдауында «Сарбаз» балалар-жасөспірімдер бірлестігін құрып, мектептерде әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту туралы тапсырма берген болатын.

Осы міндетті жүзеге асыруға «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы да атсалыспақшы. Бүгін аталған ұйымның орталық кеңесінің отырысы өтіп, аталған мәселеге қатысты жұмыс жоспарларын талқыға салды. Алдымен Елбасы жарлығымен «Құрмет» орденіне ие болған белсенді ардагер азаматтар марапатталды. 2019 жылы Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толады. «Осы атаулы күнді де атап өту керек», – дейді «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұл. Мәжіліс депутаты келер жылдың 15 ақпанында балалар мен жасөспірімдер арасындағы патриоттық тәрбиеге қатысты үлкен жиын өткізетіндерін де мәлімдеді. Астанада ұйымдастырылатын жиынға «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының аймақтардағы өкілдері, ауған соғысына қатысқан сарбаздар және патриоттық клубтар мен отаншыл-белсенді азаматтар қатысады.

Бақытбек Смағұл, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Елбасы осы қазандағы жолдауында «Жас Сарбаз» бірлестігін құру туралы тапсырма берген болатын. Сол жерде осы «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы бір кісідей атсалысып, соны құрдық. Енді бүгінгі таңда біздің ардагерлердің барлығына жаңа міндет тұр. Ол міндет – жергілікті өңірлерде сондағы мемлекеттік органдармен басқоса отырып алға қарай жұмыс жасау бағыты. Біз қазақстандық патриотизмді дамытуға, оның ішінде жасөспірімдеріміздің бүгінгі таңда қандай бағытта болуына ықпал етуге біз өзімізге үлкен міндеттер жүктеп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы