386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келесі жылы Түркістанда 26 көпқабатты тұрғын үй салынбақ

  • 749
  • UPD: 20:51, 20.12.2018
Келесі жылы Түркістанда 26 көпқабатты тұрғын үй салынбақ

Келесі жылы Түркістанда 26 көпқабатты тұрғын үй салынбақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның жартысына жуығы сәуір айында қолданысқа беріледі. Қалғаны қазанға дейін тапсырылады. Осы арқылы 1500 отбасын баспанамен қамту көзделген. Су жаңа пәтерлер мемлекеттік қызметкерлер мен үй кезегінде тұрған әлеуметтік сала мамандарына және көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге беріледі. Бұл үйлер «7-20-25» бағдарламасы аясында бой көтереді.

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:

- Келесі жылы іргедегі шағын ауданда 88 көпқабатты үйдің құрылысы басталады. Онда 2756 пәтер бар. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әкімшілік-іскерлік орталық пен 5 жұлдызды қонақ үй салу көзделіп отыр. Сонымен қатар «Отырар» ықшам ауданында 280 орындық бөбекжай қолданысқа берілді. Ал жаңа оқу жылына дейін 900 балаға арналған жаңа мектептің құрылысын бітіреміз

Хабар 24 телеарнасы