384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері қалам мен қағазды планшетке айырбастады

  • 1111
  • UPD: 23:42, 20.12.2018
Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері қалам мен қағазды планшетке айырбастады

Шымкентте жедел жәрдем қызметкерлері енді науқас үшін бұрынғыдай қағаз толтырмайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар қалам мен қағазды планшетке айырбастады. Жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырту картасы, учаскелік дәрігердің дабыл қағазы және жедел медициналық жәрдем станциясының ілеспе парағы түгелдей гаджетке енгізіледі. Басқарма басшылығы бүгін қаладағы халық тығыз орналасқан үш шағын ауданда қолданысқа берілген жаңа жедел жәрдем бекеттерінің жұмысымен танысты.

Айта кеткен жөн, ондағы 81 жедел жәрдем бригадасы шаһардағы миллионнан астам тұрғынға көмек көрсетеді. Келер жылы бригадалардың қатарын 100-ге жеткізу жоспарда тұр. Сосын алдағы жылы жедел-жәрдем қызметі түркиялық инвесторлардың сенімді басқаруына өтпек. Бұл сала қызметінің сапасын жаңа деңгейге көтеруге сеп болмақ.

Нұрлан Қасымов, қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Жаңа бекетті ашудағы мақсат - ең алдымен науқастарға жету уақыты азайып, кешігу уақыты төрт минутқа қысқаратын болады деген нәтижені күтіп отырмыз. Ендігі жерде жедел әрі шұғыл жәрдем қызметкерлері кем дегенде он минут ішінде өміріне қауіп төнген науқастардың шақыртуына жететін болады. Сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмасы бар. «2019 жылдан бастап барлық медицина ұйымдары электронды құжат айналымына көшсін» деген. Біз бұл жағында ескеріп, сандық технологиямен жұмыс жасауды бастадық.

Хабар 24 телеарнасы