388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында көп қабатты 26 үй салынады

  • 745
  • UPD: 12:50, 21.12.2018
Түркістан облысында көп қабатты 26 үй салынады

Келесі жылы Түркістанда 26 көп қабатты тұрғын үй салынбақ. Оның жартысына жуығы сәуір айында қолданысқа беріледі.

Қалғаны қазанға дейін тапсырылады. Осы арқылы мың жарым отбасын баспанамен қамту көзделген. Су жаңа пәтерлер мемлекеттік қызметкерлер мен үй кезегінде тұрған әлеуметтік сала мамандарына және көпбалалы отбасылар мен мүгедектерге беріледі. Бұл үйлер «7-20-25» бағдарламасы аясында бой көтереді.     

Жансейіт Түймебаев, Түркістан облысының әкімі:

- Келесі жылы іргедегі шағын ауданда 88 көпқабатты үйдің құрылысы басталады. Онда 2 мың 756 пәтер бар. Сондай-ақ мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында әкімшілік-іскерлік орталық пен 5 жұлдызды қонақ үй салу көзделіп отыр. Сонымен қатар «Отырар» ықшам ауданында 280 орындық бөбекжай қолданысқа берілді. Ал, жаңа оқу жылына дейін 900 балаға арналған жаңа мектептің құрылысын бітіреміз.

Хабар 24 телеарнасы