389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде судьялар емтихан тапсырады

  • 796
  • UPD: 23:10, 21.12.2018
Елімізде судьялар емтихан тапсырады Ozon

Келер жылы қазақстандық судьялардың біліктілігін тексеру мақсатында үш емтихан өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Судьяларды іріктеуге арналған бұл конкурстар наурыз, шілде және қараша айларында ұйымдастырылмақ. Бүгін бұл туралы Жоғарғы сот кеңесінің отырысында айтылды. Жиында судьялардың бос орындарына кандидаттарды іріктеу мен біліктілік емтихандарын жаңғырту мәселелері қаралды. Басқосуда алғаш рет облыстық соттармен бейнеконференция байланыс жүйесі қолданылды.

Әділ Құрықбаев, Жоғары сот кеңесінің мүшесі:

- Наурыздың басында бірінші конкурс жарияланды. Жылдың ортасында екінші, жылдың аяғында үшінші конкурс жарияланды. Бұл үміткерлердің конкурсқа қатысуына дайындалуын, керекті құжаттарды дайындауына мүмкіндік туғызатын болса, екіншіден, бірінші рет судья болайын деп жатқан адамдарға басқа судьялармен бәсекелестік жағдайда қатысуға мүмкіндік береді деп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы