384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жақсылық Үшкемпіров Жетіген ауылына газ тартып берді

  • 1236
  • UPD: 23:05, 21.12.2018
Жақсылық Үшкемпіров Жетіген ауылына газ тартып берді

Жаңа жыл қарсаңында Жетіген ауылының тұрғындары қуанышқа кенелді, деп хабарлайды «Хабар 24»

Алматы облысы Іле ауданына қарасты бұл елді мекенге көптен күткен көгілдір отын келді. Жергілікті тұрғындарға жылу сыйлаған жомарт жан – Жақсылық Үшкемпіров. Олимпиада чемпионы өз  қаржысына үш айдың ішінде Жетіген ауылына жердің астымен 13 шақырымдық газ құбырын тартып берді. Көгілдір отынның салтанатты қосылу рәсіміне Жақсылық Үшкемпіровтің ізбасарлары Ермахан Ибрайымов пен Қанат Ислам және Ардақ Назаров секілді әлем және олимпиада чемпиондары қатысты. Қазіргі таңда ауыл ортасындағы Қожа Ахмет Яссауи мешіті толықтай көгілдір отынмен қамтамасыз етіліп отыр. Кейбір тұрмысы төмен тұрғындардың үйіне де газ тегін кіргізілген. Бұған дейін де бірнеше ауыл-аймақтарға қол ұшын беріп, халықтың сүйіспеншілігі мен ыстық ықыласына бөленіп жүрген Жақсылық Үшкемпіровті өткен жылы Елбасының өзі марапаттаған еді.

Жақсылық Үшкемпіров, олимпиада чемпионы:

- Ауылымыздың көркейуіне атсалысып жатырмыз. Әрине, бұл халықтың игілігі. Егеменді ел тәуелсіз мемлекет деген осылай болады. Әрбір азамат әрбір ауылды осылай көтерсе, Қазақстанымыз гүл-гүл жайнап кетер еді деп армандаймын. Сол арманға жетуіміз үшін бәріміз де осылай еңбек етуіміз керек.

Хабар 24 телеарнасы