386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ғалымдар «Алтын адамды» ЮНЕСКО-ның құнды жәдігерлері тізіміне қосуды көздеп отыр

  • 882
  • UPD: 20:18, 23.12.2018

«Алтын адам» - қазақ тарихының ажырамас бөлігі. 1969 жылы Есік қорғанынан алғаш «Алтын адам» табылғанда әлемнің назары Қазақстанға ауды.

Одан кейін де құнды артефакттар еліміздің әр өңірінен табылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал 2001 жылы Берел қорғандарынан алтынмен апталған сақ ханзадасы мен мен ханшайымы және 11 аттың табылуы әлем тарихына қосылған тағы бір теңдессіз жәдігер болды.

Президент «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында осы алтын адам феноменіне ерекше тоқталып, тарихи құндылығын әлі де терең зерттеуді тапсырған. Қазақ даласынан табылған алтын адамдардың ұқсастығы мен сол замандағы көшпенділер өркениетінің жетістігін «Хабар 24» тілшісі Олжас Керейхан археолог-тарихшылардан сұрап білді.

Олжас Керейхан, «Хабар 24» арнасының тілшісі:

- Алтай мен «Алтын адам». Бұл екеуі егіз ұғым. Сондықтан бұл өлкені соңғы 50-60 жылда түрлі тарихшы-археололгтар зерттеумен келеді. Ал тәуелсіздік алған соң отандық мамандар ұлттық тарихымызды тың артефактпен толықтырды. Қатонқарғайдағы Берел қорғандарынан табылған жәдігерлерді зерттеп-зерделеген ғалымдар қазіргі қазақ елі сақтардың заңды мұрагері екенін дәлелдеді.

Қарап тұрсаңыздар, бұл негізі өсімдіктік, өрнек дейді. Кейбір жерлері грифонға келеді. Қосарланған грифон. Осы пішіні бойынша қазақтың қошқар мүйіз деген оюына келеді. Яғни қошқар мүйіз оюы Алтайдан шықты ма деген түп негізінде грифон жатыр ма деген ой келеді.

«Алтын адам» - қазақ тарихының феномені. 1969 жылы Есік қорғанынан табылған алқашқы адам ұлттық  тарихты жаңғыртуды негізі болды.

Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнография институтының директоры:

- Есік қорғанынан алғашқы «Алтын адам» табылса, соңғы 50 жыл төңірегінде тағы 4 алтын адаммен толықты. Олар Атыраудан, Қарағандыдан, Ақмоладан және Шығыс Қазақстаннан шықты. Бұл сол замандағы сақтардың сақтардың мәдениеті мен өркениетінің қандай деңгейде болғанына дәлел болады.

Сақ қорғандарынан табылған алтын жәдігерлердің көбі аң стилінде жасалған. Бұл сол заманда қазіргі қазақ даласында металлургияны қалай игергенінің дәлелі. Сом-сом алтындар сақтардың тұрмыс-салтынан да дөп хабар береді.

Зиябек Қабылдинов, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнография  институтының директоры:

- Осы жерден табылған қалайы рудасы сонау қос өзен бойына Месопотамияға дейін тарған. Биыл Елеке сазы дегеннен Тарбағатайда табылған әлгі сақ бекзадасының бір шалбарының өзінің әшекейі бірнеше ондаған мыңдағанға кетіп қалады. Мәселе оның санында еме, солардың тарихи құндылығында. Мысалы технологияның керемет озық дамығанының бір көрнісі ғой. Қазіргі кезде сондай жасай алмайтын бір миллиметр әшекейлерді жіппен тізбектеп содан шалбарын әшекейлеген.

Осы археологиялық қазбалар кезінде табылған жәдігерлер ғылыми айналымға түсіп жатыр. Енді ғалымдар «Алтын адам» ұғымын әлем тарихына енгізіп, ЮНЕСКО-ның құнды жәдігерлері тізіміне қосуды көздеп отыр.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмиттрий Пыхтин, Рома Родионов

Хабар 24 телеарнасы