387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда лифт шахтасындағы оқиғаның неден болғаны анықталды

  • 541
  • UPD: 23:41, 23.12.2018
Атырауда лифт шахтасындағы оқиғаның неден болғаны анықталды

Атырауда 22 жастағы бойжеткеннің лифт шахтасына қалай құлап кеткені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз лифтті толықтай тексеріп шықтық. Төтенше жағдай кезінде лифт ішінде 4 адам болған. Тексеріс кезінде анықталғандай, лифт көтергішінде еш ақау болмаған, ол қолданысқа жарамды. Тоғыз қабатты үйдің бесінші және алтыншы қабатына келгенде лифт апаттық жағдайда тоқтаған. Бойжеткен авариялық қызметке хабарласудың орнына, өз еркімен шықпақ болды, сол кезде лифт шахтасына түсіп кеткен. Одан кейін лифттің шахтасына жас жігіт өз еркімен түсті. Құтқару операциясының нәтижесінде лифттен ішінен екі адам, лифт шахтасынан тағы екі адам шығарылды. Қазіргі уақытта лифттің апаттық жағдайының себептері анықталуда», - деді қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бастығы Қайрат Қабиев.

Атырау қаласының әкімдігі мен Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері лифт апаттық жағдайда тоқтаған кезінде өз еркімен шығуға тырыспауға, авариялық қызметтің келуін күтуге кеңес береді. Аталмыш қызметтің байланыс нөмірі әрқашан лифттің есіктерінде көрсетілген.

Еске салайық, оқиға бүгін таңертең Авангард шағын ауданындағы 9 қабатты үйлердің бірінде болды. Лифт шахтасына адамның құлап кеткендігі туралы хабарлама Төтенше жағдайлар департаментіне сағат 06.05-те түскен. Оқиға орнына дереу құтқарушылар бригадасы жеткен. Олар 22 жастағы бойжеткенді алып шығып, облыстық ауруханаға жеткізген.

«Зардап шеккен қыз облыстық аурухананың травматология бөлімшесіне жеткізілді. Қазіргі уақытта 22 жастағы жергілікті тұрғынның жағдайы тұрақты. Науқас Атырау облыстық ауруханасының нейротравматология бөлімшесінде стационарлық ем қабылдауда. Диагнозы - «сол жақ иығы буынының ішкі жарықшақтанған жабық сынығы». Денесінің көптеген жерінде терісі сыдырылған, арқасында, белінде және сол жақ жамбасында қанталаған жарақаттары бар», - деді Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен. 

Хабар 24 телеарнасы